Қазақстандық Галбадрах Отгонцэгэг Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған рейтингте 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Галбадрах осыған дейін 10-сатыда болған еді.
Загребтегі Гран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы жеңімпаз атанып, 700 ұпайға ие болған еді. Бұл оған үздік алтылыққа енуге мүмкіндік берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галбадрахтың Гран-при турнирінің жеңімпазы атанғанын, қазақстандық кадеттердің Азия чемпионатын 4 алтын медальмен қорытындылағанын жазған болатынбыз.