21 ақп, 2021 сағат 20:41

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ширек финалда «Бенфикамен» ойнайды

Алматының «Қайратына» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Португалияның «Бенфика» командасы қарсылас атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын 1/8 финалда «Қайрат» Румынияның «Юнайтед Галац» клубын 6:1 есебімен сүріндірсе, 1/16 финалда Беларусьтің «ВитЭн» командасынан 5:3 есебімен басым түсті. 

Ал «Бенфика» 1/8 финалда Мажарстанның «Береттьоуйфалынан» басым түсті. 

Португалдық клуб 2001 жылы құрылған. 2009/10 жылғы кезеңде UEFA кубогын төбесіне көтерді. Бұл турнир қазір Чемпиондар лигасымен біріктірілді. 

«Қайрат» аталған турнирде 2012/2013, 2014/2015 жылдарда жеңімпаз атанған болатын. Бұл уақытта турнир UEFA кубогы деп аталатын.