Қазақстандық «Ақтөбе» командасы футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыға алған жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Алматы қаласындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өткен 1/4 финалдық ойында «Ақтөбе» Словенияның «Добовец» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын барысында алғашқы голды «Ақтөбе» сапынан Витао Оливейра соққан болатын. Одан кейін қазақстандық клуб қарсыласынан екі гол жіберіп алды. «Добовец» сапынан Ведран Матошевич пен Клемен Душчак 21 және 24-минуттарда қос гол соғып, словениялық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын аталған турнирдің 1/16 финалдық сатысында «Ақтөбе» Грекияның АЕК командасын жеңді.
Айта кетейік, енді «Қайрат» Чемпиондар лигасы 1/4 финалында 21 ақпанда өз алаңында «Юнайтед Галац» командасын қабылдайды.