04 нау, 2021 сағат 14:38

Футзал: Қазақстан құрамасының қарсыластары өзара кездесті

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта ойнайтын Венгрия және Израиль құрамалары өзара кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Венгрия жерінде өткен ойын барысында Израиль құрамасы қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша іріктеу кезеңіндегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. 

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футзалшылар бесінші топқа түсті. Қарсыластары - Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары.

Қазақстаннан өзге құрамалар үш ойыннан өткізді. Олардың барлығында үш ұпайдан бар. Ал екі ойыннан қазақстандық футзалшылар алты ұпай еншілеп6 көш басында тұр.