05 жел, 2020 сағат 15:25

Футзал: «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз алаңдарында матч өткізуден бас тартты

Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/16 финалына қатысатын қазақстандық клубтар ойындарын сырт алаңда өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KazFootball.kz порталына сілтеме жасап. 

Чемпиондар лигасының 1/16 финалының қатысушыларына матчты өз алаңында қабылдағысы келмейтіні немесе ондай мүмкіндіктің жоқтығы туралы УЕФА-ға хабарлау ұсынылған. Нәтижесінде 32 қатысушының 5-еуі: «Қайрат», «Ақтөбе» (екеуі де Қазақстан), «Добовец» (Словения), «Приштина» (Косово) және «Ховокубо» (Нидерланды) командалары ойындарын сырт алаңда өткізетін болды. 

Кездесулер көрерменсіз өтеді. 

Еске сала кетсек, «Қайрат» пен «Ақтөбе» жеребе тастау кезінде 3-топтағы іріктеуден өткізілген командалардың қатарына жатқызылды. Қазақстандықтардың негізгі қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь), «Хоэнштайн-Эрнстталь» (Германия), «Шкупи» (Македония) және АЕК (Греция). 

Чемпиондар лигасы 1/16 финалының ойындары 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді және бір ғана ойыннан тұрады.