15 ақп, 2021 сағат 12:52

Футболдан Суперкубок ойындарының жеребесі тартылды

Бүгін, 15 ақпанда футболдан 2021 жылғы маусымдағы суперкубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетелік, биыл аталған доп додасы жаңа форматта өткізіледі. Оған өткен жылғы біріншілікте алғашқы үш орынға ие болған командалар қатысады. Былтыр Қазақстан кубогы ойындары өткізілмеуіне байланысты төртінші орынға тұрақтаған клуб та доп додасында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. 

Бүгінгі жеребе нәтижесінде жартылай финалда «Тобыл» мен «Қайрат», «Шахтер» мен «Астана» командалары өзара бақ сынасады. Ойындар 2-3 наурыз күндері болады. Ал үшінші орын үшін сайыс 5 наурызда болса, финал 6 наурыз,а белгіленген. 

Айта кетейік, аталған доп додасы Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтеді. 

Аталған турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.