03 шіл, 2020 сағат 12:38

Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды, деп хабарлады Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы.

«Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Шектеу іс-шараларының ішінде спорттық жарыстарды өткізуге тыйым салынды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі ушығуына байланысты шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін», делінген лиганың ресми сайтындағы ақпаратта.Осылайша, футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 14 күнге уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, футболдан ел біріншілігі 1 шілде күні жалғасқан болатын. Командалар әзірге 3 ойыннан өткізді.