08 сәу, 2021 сағат 12:11

Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін ширек финал ойындары басталады

Бүгін, 8 сәуірде футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалы басталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ширек финал ойындарында барлық сегіз команда төрт жұпта өзара шеберлік байқасады. Жарыстың аталған сатысында Англияның «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», Испанияның «Вильярреал», «Гранада», Италияның «Рома», Нидерландының «Аякс», Хорватияның «Динамо Загреб», Чехияның «Славия Прага» сынға түседі. 

Бүгінгі ойындарда «Аякс» пен «Рома», «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед», «Динамо Загреб» пен «Вильярреал», «Арсенал» мен «Славия Прага» командалары шеберлік байқасады. 

Аталған ойындарда «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуі «Qazaqstan», «Аякс» пен «Рома» кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өткізіледі.