UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында бүгін, 7 сәуірде тағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алғашқы жұпта «Порту» (Португалия) мен «Челси» (Англия) командалары кездеседі.
Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Командалар бұған дейін алты мәрте жолықты. Оның біреуінде «Порту» жеңіске жетіп, біреуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында «Челси» мықтылығын танытты.
Бүгінгі ойында екі команда құрамында да жарақаттанған ойыншылар бар. Мәселен, португал клубы сапында Фернандо Андраде осындай себеппен кездесуден тыс қалса, ағылшын бапкерлері Тэмми Абрахам мен Н'Голо Канте сынды футболшыларға үміт арта алмайды.
Ойында словениялық Славко Винчич бас төреші қызметін атқарады. Оған сол елден келген Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - словениялық Матей Юг.
Тағы бір ойында «Бавария» (Германия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары шеберлік байқасады.
Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін аталған турнирде төрт мәрте жолықты. Оның үшеуінде «Бавария» басым түссе, былтыр финалда «Пари Сен-Жермен» аталған қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп кетті.
Екі команда құрамында жарақат салдарынан ойын тыс қалатын ойыншылар бар. Олардың қатарында «Бавария» қатарында Леон Горецка, Роберт Левандовски, Корентин Толиссо мен Дуглас Костаның есімі аталып отыр. Ал «Пари Сен-Жермен» құрамында мұндай тізімге Хуан Бернат, Марко Верратти, Лейвин Курзава, Мауро Икарди, Алессандро Флоренци, Александр Летелье мен Перейра Данилу енгізілген.
Ойында испаниялық Матеу Лаос бас төреші міндетін атқарады. Оған сол елден келген Пау Себрьян Девис мен Роберто Диас Перес Дель Паломар көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - испаниялық Хавьер Эстрада Фернандес.