Бас бапкер Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, ұлттық құрамаға мына ойыншылар шақырылды.
Қақпашылар: Александр Мокин («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»).
Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана), Нұралы Әліп («Қайрат»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Дмитрий Шомко («Ротор», Ресей), Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Александр Марочкин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Лори Ванадзор», Армения).
Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Еркебұлан Тұңғышбаев, Елхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Айбол Әбікен, Данияр Үсенов (екеуі де – «Қайрат»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей), Максим Федин, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Крылья Советов», Ресей), Рамазан Кәрімов («Каспий»).
Қосалқы құрам:
Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»).
Қорғаушылар: Карам Сұлтанов, Михаил Габышев (екеуі де – «Шахтер»), Бағдат Қайыров («Ордабасы»), Әлібек Қасым («Кызыл-Жар»).
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев («Каспий»), Акмаль Бахтияров («Жетісу»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Тобыл»), Роман Муртазаев («Астана»).
OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының екінші турының матчтарынан кейін құрамда өзгерістер орын алуы мүмкін.
Оқу-жаттығу жиыны 21 наурызда басталады. Қазақстан құрамасы 28 наурызда «Астана Аренада» Францияны қабылдайды. 31 наурызда Киевте Украинамен ойнайды.