16 сәу, 2021 сағат 16:31

Футбол: Қарағандының «Шахтеріне» жаңа бапкер келді

Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шахтер» футбол клубы мәлім еткеніндей, 43 жастағы маман «Нижний Новгород», «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачкала), «Чайка» (Песчанокопское) сияқты командаларда жұмыс істеген. 

Футболшы ретінде ЦСКА (Мәскеу), «Анжи», «Сокол» (Саратов), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «Терек» (қазір «Ахмат»), «Кривбасс» (Кривой Рог) және «Нижний Новгород» клубтарында доп тепкен.

Ресей олимпиадалық құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соқты. 

2004 жылы «Теректің» құрамында Ресей кубогын иеленді. Сондай-ақ екі мәрте (2004, 2007) Ресей чемпионаты бірінші дивизионының жеңімпазы атанды.

М.Адиев «Шахтерде» Али Алиевті алмастырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» пен «Ақтөбе» сырт алаңда жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.