14 сәу, 2021 сағат 16:10

Футбол: «Астана» мен «Қайрат» бірдей ұпай жинады

Бүгін, 14 cәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің бесінші турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінгі ойындар Шымкентте «Ордабасы» мен елордалық «Астана» командалары арасында басталды. Аталған кездесуде елордалық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде алаң иелері қарсыластарының қақпасына төрт гол соқты. Оны «Астана» сапынан Абат Айымбетов 19, 60, Тигран Барсегян 53, Марин Томасов 78-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Оған шымкенттік футболшы Еркебұлан Тұңғышбаев 22-минутта бір голмен жауап қайырды. Осылайша «Ордабасы» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. 

Тағы бір кездесу Ақтауда жергілікті «Каспий» мен Алматының «Қайрат» командалары арасында болды. Ойын барысында алаң иелері қатарынан Руслан Мингазов 32-минутта есеп ашқан болатын. Алматылық клуб сапынан Денис Поляков 43-минутта оған бір голмен жауап берді. Айта кетерлігі, 36-минутта «Қайрат» ойыншысы Айбол Әбікен қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Әзірге көш басында «Астана» мен «Қайрат» қатарлас тұр. Екеуінің еншісінде 11 ұпайдан бар. Үздік үштікті тоғыз ұпаймен «Ақтөбе» түйіндеді. 

Дәл қазір Қостанайда «Тобыл» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Есеп 1:0. Алаң иелері сапынан 2-минутта Тони Сильва мергендік танытты. 

Сондай-ақ, бүгін 18.00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнаса, аталған турды 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» клубтары түйіндейді.

Аталған турда кеше, бүгін 18.00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнаса, 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» клубтары алаңға шығады.