04 нау, 2021 сағат 22:13

Футбол: «Ақжайыққа» жаңадан екі украиналық ойыншы қосылды

Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайыққа» жаңадан екі украиналық ойыншы алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, қорғаушы Артем Барановский мен шабуылшы Микола Ковталюкпен келісімшартқа қол қойылды.

Тәжірибелі А.Барановский 30 жаста. Оған Қазақстан премьер-лигасы да таңсық емес, қорғаушы бұған дейін «Шахтер» (Қарағанды), «Қызылжар» (Петропавл) командаларының намысын қорғады.

Ал 25 жастағы М.Ковталюк осы кезге дейін Украина, Грузия клубтарында ойнаған. Соның ішінде «Динамо» (Тбилиси) құрамында Грузияның күміс жүлдегері атанған. 

«Команда осымен толық жасақталды. Қазір Оралдамыз. 14 наурыз күні Қостанайдың «Тобылымен» сырт алаңда өтетін алғашқы ойынға дайындалу үстіндеміз», деді А.Шайхы.