20 жел, 2024 сағат 13:50

Францияның бұрынғы президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Kazgazeta.kz

Францияның бұрынғы президенті өзіне қарсы сот процесіне ықпал ету мақсатында аға судьямен сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ult.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Париж кассациялық соты Францияның бұрынғы президенті 69 жастағы Николя Саркозиге қатысты апелляциялық соттың шешімін күшінде қалдырды. Сыбайлас жемқорлық, тергеуге ықпал ету және қысым көрсету бойынша үш жыл бас бостандығынан айырылды. Ол экс-президент болса да, жазасын түрмеде арнайы білезік тағып өтейді.

Экс-президент адвокаты Тьерри Герцогпен бірге ақпарат алу және басқа іске ықпал ету мақсатында 2014 жылы Беттанкур ісінде кассациялық соттың аға судьясы Гилберт Азибертпен "сыбайлас жемқорлық туралы келісім" жасасқаны үшін кінәлі деп танылды. 

Саркози Азибертке көмектескен жағдайда Монакода лауазымы өсетінін айтқан. Герцог Саркози мен Азиберт арасындағы делдал рөлін атқарды.

Үшеуі де үш жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар үш жылға бұрынғы қызметімен айналысуға тыйым салынды. Саркози үш жыл сайлауға түсе алмайды.

Николя Саркозиге қарсы сот 2020 жылдың қарашасында ол лауазымын пайдаланып, іске әсер етпек болды деп басталды. L'Oreal косметикалық компаниясының тең иесі, миллиардер Лилиан Беттанкурдың қайырымдылыққа қатысты тергеуі болған екен. Ол сол ақшаны 2007 жылғы сайлау науқанына пайдаланғысы келген дейді.