Францияда сотталған төрт адам түрмеге апара жатқан жолда қашып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, қылмыскерлер Марсель қаласында дүйсенбі күні өздерін түрмеге әкетіп бара жатқан арнаулы фургоннан қашып шыққан.
Қолда бар деректерге қарағанда, фургонның ішіндегілер жапа-тармағай шулап, автомобильдің ішкі жағын ұрғылай бастаған. Осы сәтті пайдаланған төрт қылмыскер фургонның артқы есігін ашып, зытып отырған.
Полиция оларды іздестіріп жатыр.