Францияның 19 өңірінде ғана күшінде тұрған карантин режимі енді елдің барлық өңірінде де жарияланады. Бұл туралы ел президенті Эмманюэль Макрон телеарна арқылы халыққа жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Наурыз айында елдің 19 департаментінде жарияланған карантин режимі енді елдің барлық өңірлерінде де күшіне енетін болады», - деді ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шектеу кем дегенде алдағы төрт апта бойы алынбайды.
Макрон карантин режимі елдің барлық өңірінде жариялануына коронавирустың британдық штамының таралуы күшейіп кетуі себеп болғанын айтты.
Одан бөлек, президент ел билігі қоғамдық тәртіпті қадағалауды да күшейтетінін мәлімдеді. Бұдан былай, карантин шектеулері алынғанша, адамдардың бір жерде топтасуына жол берілмейді.
«Біз жеке адамдардың сақтық шаралары арқылы осыған дейін қол жеткізген нәтижемізді бұзуына жол бермейміз. Бақылау мен санкция қатаңдатылады», - деп атап өтті ол.