15 нау, 2022 сағат 13:12

Fox News журналисі Киевте жарақат алды

Бенджамин Холл. Fox News видеосынан алынған кадр

Америкалық Fox News телеарнасының продюсерлері журналист Бенджамин Холл Украинадағы қақтығыс туралы репортаж кезінде жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Күндізгі жаңалықтар жүргізушісі Джон Робертс оқиға орнындағы команда әлі де мән-жайды анықтап жатқанын айтты.

"Тілшіміз Бенджамин Холл Украинадағы Киев маңында жаңалықтар жинау кезінде жарақат алды", - делінген телеарна хабарламасында.

Телеарна қызметкерлері арасында таратылған жадынамада бас директор Сюзанна Скотт дұға етуге шақырды.

"Бұл - күн сайын өз өмірін соғыс аймағынан жаңалықтар жеткізу үшін басын қауіпке тігетін барлық журналист үшін қатал ескерту", - деп жазды бас директор Сюзанна Скотт телеарна қызметкерлері арасында таратылған жадынамада.

Кейінірек Пентагон өкілі Джон Кирби емделіп жатқан Холлдың жарақатына алаңдады.

Сонымен қатар, Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова Facebook-те журналист жансақтауға түскенін, оның екі аяғы сынғанын айтты.