Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бүгін маусым айында «Формула-1» Гран-приінің өтуіне байланысты елге келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін визалық рәсімдерді жеңілдету туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжатқа сәйкес, «Формула-1» жарысына қатысуға келген шетелдіктер 2021 жылғы 1 мамырдан 15 маусымға дейін елдің халықаралық әуежайларында виза ала алады. Бұл ретте олар төмендегі құжаттардың бірін ұсынуы керек:
- Жарыс ұйымдастырушыларының – Formula One Management Limited компаниясының және халықаралық автомобиль федерациясының аккредиттеу картасы;
- «Baku City Circuit» («Баку қалалық айналымы») операциялық компаниясы берген аккредиттеу картасы.
Осыған байланысты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне тиісті органдарды, халықаралық жарыс ұйымдастырушыларын визалық рәсімдерді жеңілдету туралы хабардар ету және осы ақпаратты министрліктің интернет-ресурстары мен Әзірбайжанның шетелдік өкілдіктерінде орналастыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Формула-1» жарысының «Әзербайжан Гран-приі» 2021 жылы жаңа жағдай бойынша – көрермендерсіз өтеді және журналистер саны шектеулі болады. Жарыс 6 маусымда Баку қаласының көшелерінен жүріп өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Формула-1 Әлем чемпионатының бұл маусымы кезеңдердің рекордтық санын қамтиды (23), сонымен қатар автожарыс әлеміне бірінші рет «корольдік жарыстар» әлемінің сегіз дүркін чемпионын сыйлай алады.