02 сәу, 2019 сағат 19:26

FlyArystan әуе компаниясы бір секундта бір билеттен сатып жатыр

Елордада ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев FlyArystan әуе компаниясының басшысы Тим Джорданмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Компания басшысы Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы әуе билеттерінің 6 999 теңгеден сатылып жатқанын хабарлады. «Алматы - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша әуе рейстері күніне екі рет ұшырылады. Сатылым басталған соң, екі сағатта 2 мыңнан астам билет сатылып кетті. 1 секундта 1 билеттен сатылып жатыр. Сатылған әуе билеттерінің 70% жүксіз тарифпен алынған. Сондай-ақ, 90% билет онлайн түрде сатылған», - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. 

Комитеттің хабарлауынша, ертең FlyArystan әуе компаниясы Алматы - Қарағанды бағыты бойынша билеттер сатылымын бастайды.