25 ақп, 2021 сағат 14:33

Финляндия 8 наурыздан бастап қатаң локдаун енгізеді

Финляндия елінің үкіметі елде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты 8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізді. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Финляндия премьер-министрі Санна Марин мәлім етті, деп хабарлайды Yle агенттігі.

«8 наурыздан бастап Финляндияда локдаун енгізіліп, 28 наурызға дейін созылады», - деді ол.

Енгізіліп отырған шаралар аясында орта және жоғары сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылып, 12 жастан асқан балалар үшін сабақ өткізілмейді, сонымен қатар елдегі мейрамханалардың жабылуы жоспарланып отыр.