Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2022 жылғы әлем чемпионатының құрамын 32-ден 48 командаға дейін ұлғайтудан бас тартты. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
FIFA елге қосымша ойындарға дайындалу үшін уақыт жеткіліксіз деген шешімге келді. Бұдан басқа, федерация қатысушылардың санын сақтауға байланысты Катардан тыс турнирдің кейбір матчтарын өткізбеуге шешім қабылдады.
Наурыз айында FIFA БАӘ, Бахрейн және Сауд Арабиясы екі жыл бұрын бұзылған Катармен экономикалық және туристік байланыстарды қалпына келтірмейінше, турнирдің ортақ иелері ретінде қосыла алмайтынын мәлімдеді.
2022- жылғы Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында жеті қалада: Доха, Лусаил, Аль-Вакр, Аль-Хор, Ар-Райян, Умм-Салал және Аш-Шамалда өтеді. Ақтық матч 80 мың көрермен сыятын Лусаилдің ұлттық стадионында болады.