Парижде Сомали астанасы - Могадишодағы 300-ден астам адамның өмірін қиған теракт құрбандарын еске алу үшін Эйфель мұнарасындағы жарық сөндірілді.
Бұл жайлы ABC News жазды.
Бұрын хабарланғанындай, жан түршігерлік лаңкестік әрекетінен 300 адам қаза тауып, тағы 300-ден астам адам зардап шеккен.
14 қазан күнгі қайғылы оқиға ел тарихындағы ең үлкен теракт болды. Республика президенті Мохамед Абдуллахи Мохамед Сомалиде үш күндік аза тұту жариялады.