Париждегі Эйфель мұнарасына найзағай түсті. Бұл туралы танымал фотограф Кулик Бертран Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Эйфель мұнарасына сағат 18.00 шамасында түскен найзағай. Бір уақытта екі камерамен түсірілді", - деп жазды Бертран.
Француз БАҚ өкілдері мәліметінше, кешенге жылына орта есеппен бес рет найзағай түседі. Бұл халыққа қауіпті емес. Өйткені Эйфель мұнарасының жоғарғы жағында электр қуатын тарататын төрт жайтартқыш орнатылған.