Бейсенбі күні Роттердамда өтіп жатқан «Евровидение 2021» халықаралық ән байқауының екінші жартылай финалының нәтижелері шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Евровидение» сайтына сілтеме жасап.
Екінші жартылай финалға 17 елдің өкілдері қатысты. Финалда өнер көрсетуге 10 мемлекет өкілі жолдама алды. Олар: Албания, Сербия, Болгария, Молдова, Португалия, Исландия, Сан-Марино, Швейцария, Грекия және Финляндия.
Бұған дейін финалға Ресей, Норвегия, Израиль, Әзербайжан, Мальта, Литва, Кипр, Швеция, Бельгия және Украинаның орындаушылары шыққан болатын.
«Евровидение» регламентіне сәйкес финалға Нидерланды, сондай-ақ Ұлыбритания, Испания, Германия, Италия және Франция орындаушылары автоматты түрде шықты.
Байқаудың финалы сенбі, 22 мамырда өтеді.