Наурыз айында Суэц каналында қайраңға отырып қалып, әлемдік саудаға үлкен шығын әкелген «Ever Given» алып жүк тасушы кемесі оның иесі үлкен сомада өтемақы төлемейінше, канал әкімшілігінің қолында қалады, деп хабарлайды BBC News.
Мысыр БАҚ-ы мен әлемдік агенттіктердің жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, осы елдегі Исмаилия қаласының соты «Ever Given» кемесі тиесілі жапондық Shoei Kisen компаниясы Суэц каналының әкімшілігіне 900 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлемейінше сонда қала береді.
Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усма Раби бұған дейін журналистерге оның ведомствосы жапондық фирмадан келтірілген моральдық шығынды, сондай-ақ арнадағы қозғалыс қалпына келтірілгенше одан өту үшін төленетін ақыдан айырылғанын, сол ақыны және «Ever Given-ді» қайраңнан шығару үшін жұмсалған қаржыны өндіріп алғысы келетінін мәлімдеген.
Еске сала кетсек, наурыз айының соңында Суэц арнасында ірі жүк кемесі қайраңға отырып қалып, әлемде жүктемесі ең көп су жолының бірін бөгеп тастады.
Бұл жағдай тіпті тауарларды жеткізу тізбегіндегі дағдарыстың күшею қаупін тудырған. 29 наурызда кеме қайраңнан шығарылды. Сәуірдің басында Суэц каналындағы қозғалыс қалпына келтірілді.