08 шіл, 2021 сағат 16:00

Еуропалық бағыттағы КонCENcус


Қазақстан Республикасы серіктес орган мәртебесінде Еуропалық стандарттау ұйымдары: CEN Еуропалық стандарттау комитеті және CENELEC еуропалық электротехникалық комитеті Бас Ассамблеясының 11-ші жалпы сессиясының жұмысына қатысты.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

CEN және CENELEC-тің жаһандық міндеті Еуропамен экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылық танытатын елдер арасындағы стандарттар мен техникалық талаптарды үйлестіру есебінен әлемдік саудадағы техникалық кедергілерді азайту болып табылады. 

Ұйымдар стандарттау мәселелері бойынша мемлекеттер арасында белсенді диалогты қолдайды және Қазақстанның осы процеске қатысуы өндіріс пен өнеркәсіп үшін Еуропалық модельдің талаптарымен үндесетін стандарттарды қабылдауға ықпал етеді.

24 маусымда CEN және CENELEC онлайн-отырысында Қазақстан атынан Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сарапшылары өкілдік етті. Диалог алаңы бойынша әлемнің түрлі елдерінен 200-ге жуық өкіл серіктес болды.

Сессия барысында көпшілік дауыспен Brexit ықпалымен және ЕО-ның басқа елдерінің заңнамаларындағы өзгерістермен байланысты CEN және CENELEC Жарғыларына өзгерістер қабылданды.

Тараптар CEN/CENELEC мүшесі бір елден бір ғана өкілі болуы мүмкін деген ережені бекітті. CEN және CENELEC-ке кірудің қажетті шарты сәйкесінше ISO (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым) және IEC (Электрлік, электрондық және сабақтас технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі халықаралық электротехникалық комиссия) мүшелігі болып табылады.

Сондай-ақ, CEN/CENELEC қабылдаған EN Еуропалық стандарттау комитетінің барлық стандарттарын ұлттық деңгейде мүше елдер міндетті түрде бейімдеу мәселесі бойынша консенсусқа қол жеткізілді.

Сессияға қатысушылар саясат жүргізу және CEN және CENELEC техникалық кеңестері бойынша вице-президенттердің есептерін қабылдады. Осыдан кейін CEN және CENELEC Стратегиясының 2030 жылға дейінгі бес негізгі басымдықтарын талқылауға көп көңіл бөлінді.

Олардың қатарында Еуропалық Одақтың және EFTA Еуропалық еркін сауда қауымдастығының еуропалық стандарттау жүйесінің стратегиялық құндылығын мойындауы бар. Бұл өз кезегінде құрылыс, материалдар өндірісі, машина жасау және көлік сияқты салаларда сауда мен алмасуды жандандыруға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 

Келесі басымдық-CEN/CENELEC шеңберінде цифрландыру бойынша тиімді шешімдер, олардың өзектілігі халықаралық алмасудағы физикалық кедергілер серпіні жағдайында тек арта түседі.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе CEN және CENELEC құжаттарына сұраныстың артуын қанағаттандыру және олар туралы мүдделі елдердің көптеген пайдаланушыларының хабардарлығын арттыру болды.

Қатысушылар CEN және CENELEC жүйесінің еуропалық стандарттаудағы көшбасшылығын және олардың халықаралық деңгейдегі ықпалын күшейтуді растады, ұзақ мерзімді перспективада аталған басымдықтардың әрқайсысы бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін белгілеу қажеттілігімен келісті.

Біздің ел серіктес орган ретінде CEN және CENELEC-те 2014 жылдың 1 маусымынан бастап ұсынылған. Еуропалық стандарттау туралы ЕО № 1025/2012 регламентіне сәйкес еуропалық стандарттарды әзірлеу бойынша Еуропалық одақ уәкілетті органдар ретінде ресми танылған ұйымдармен серіктестік біздің еліміз үшін стратегиялық маңызды.

CEN және CENELEC «үйлестірілген» деп аталатын стандарттарды қабылдайды, соның ішінде Қазақстанның қабылдауына жәрдемдеседі, соның арқасында өнімнің еуропалық регламенттерге немесе директиваларға міндетті қауіпсіздік талаптарының сақталуын және «сәйкестік презумпциясын» қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді еуропалық нарықта және CEN/CENELEC қатысушы елдердің нарықтарында өткізу перспективалары айтарлықтай кеңеюде. 

Қазақстанның CEN және CENELEC-ке қатысуы еуропалық стандарттарды ұлттық стандарттар ретінде қабылдауға, CEN және CENELEC стандарттары мен жарияланымдарының базасына тікелей қол жеткізуге, техникалық органдардың қызметіне және CEN/CENELEC басқарушы органдарының отырыстарына бақылаушы ретінде қатысуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ЕN негізінде 1161 ұлттық стандарт қабылданды, оның ішінде-құрылыс саласындағы еурокодтар. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ қазақстандық сарапшылары CEN 250 «Құрылыс еурокодтары» және 340 «Сейсмикаға қарсы құрылғылар» техникалық комитетінің жұмысына қатысуда

Бұдан басқа, CEN және CENELEC ұқсас стандарттарды қабылдауға және Кеден Одағы елдерімен, атап айтқанда, құрылыс және электр техникалық сектор сияқты салаларда диалогты дамытуға көп жәрдем көрсетеді.