17 қыр, 2024 сағат 15:29

Еуропадағы су тасқыны: 16 адам қаза тауып, Польша билігі төтенше жағдай жариялады

Фото: Telegram-дағы "Контекст" арнасы

Өткен демалыс күндері Орталық Еуропаға келген су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті және әлі де өсуі мүмкін. Дүйсенбіде Чехия, Польша және Аустрияда қаза тапқандар тіркелді.

Батыс БАҚ-тарының мәліметінше, Румынияның шығысында тұтас ауылдар су астында қалған.

Табиғи апаттар Орталық және Шығыс Еуропаға қатты нөсер әкелген "Борис" дауылының салдарынан болған.

Польша премьер-министрі Дональд Туск су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 миллиард злотый (шамамен 260 миллион АҚШ доллары) бөлінетінін мәлімдеп, Польша Еуроодақтан көмек сұрайтынын қосты. Туск үкіметі төтенше жағдай жариялады.

Словакияда Дунай өзені тасып, Братиславаның ескі қаласын су басты. Дунай ағысының төменгі жағында орналасқан Венгрия алдағы күндері су тасқынының шегіне дайындалуда.

Австрияда зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін сарбаздар жіберілді. Аустрияның климат министрлігі қалпына келтіру жұмыстарына 300 миллион еуро бөлінетінін хабарлады.

Румынияның шығысында тұтас ауылдар мен қалалар су астында қалды.