Көрнекі сурет: pexels.com
Бұл туралы The New York Times басылымы Албания премьер-министрі Эди Раманың мәлімдемесін келтіреді. Ватиканға ұқсайтын микромемлекет астана Тирана аумағында орналасады және "Бекташи Орденінің Егемен мемлекеті" деп аталады. Оны мұсылман дін қызметкері басқарады.
Сонымен қатар бұл мемлекет аумағында алкогольге рұқсат етіледі екен, әйелдер өз қалаған киімдерін киюге ерікті болады және өмір салтына қатысты қатаң ережелер болмайды.
Премьер-министрдің айтуынша, жаңа мемлекеттің мақсаты – Албания мақтан тұтатын "Исламның толерантты нұсқасын" ілгерілету.
Британ энциклопедиясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Албания – Оңтүстік Еуропадағы мемлекет, Балқан түбегінің батыс бөлігінде, Адриат теңізіне шығатын Отранто бұғазының жағалауында орналасқан. Астанасы – Тирана қаласы. Биылғы мәлімет бойынша, Албанияда 2,7 миллион адам тұрады.