Еуропа елдері, әсіресе Германия, қазір туу көрсеткішінің төмендігіне байланысты жойылып кету қаупінің алдында тұр. Бұл туралы SpaceX пен Tesla компанияларының негізін қалаушы, америкалық миллиардер Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ult.kz.
фото: Brendan Smialowski/AFP/Getty Images
"Германия және басқа Еуропа елдері жойылу қаупінде тұр", – деп жазды ол.
Масктың айтуынша, Германия мен Еуропа туу деңгейінің төмендігінен терең дағдарысқа ұшыраған.
Бұған дейін миллиардер адамзат үлкен демографиялық дағдарыс қаупіне тап болғанын және оның салдарынан тұтас халықтар жойылып кетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Маск Италия, Франция және Жапония мәдениеттерінің де қауіп астында екенін атап өткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық кәсіпкер, SpaceX пен Tesla негізін қалаушы Илон Маск, Xmail атты қарапайым интерфейске ие электрондық пошта қызметін құратынын мәлімдеген еді. Мұндай мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының бірінің электрондық пошта жәшігін пішімдеу мәселелерінсіз алғысы келетіні туралы жазбасына жауап ретінде жасалған еді.