05 там, 2019 сағат 17:12

Еуропа лигасы: «Астананың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Футболдан UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне шығып жатқан жағдайда елордалық «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін командалар белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Астана» 8 және 15 тамыз күндері Мальтаның «Валлетта» командасымен шеберлік байқасады. Бұл жұпта жеңімпаз атанған жағдайда елордалық клуб «Сараево» (Босния и Герцеговина) және БАТЭ (Беларусь) командалары жеңімпазымен плей-офф кезеңінде кездесетін болады.

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» 2016 жылы Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде БАТЭ командасымен кездескен болатын. Онда елордалық клуб өз алаңында аталмыш қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда 2:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде Еуропа лигасы топтық кезеңіне жолдама алды. Ал қазақстандық клубтар еурокубок ойындарында бүгінгі күнге дейін Боснияның «Сараево» клубымен жолыққан емес.

Айта кетелік, «Астана» биыл алдымен UEFA Чемпиондар лигасы бірінші кезеңінде Румынияның ЧФР командасына жол берді. Одан кейін Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне жолдама алып, онда Андорраның «Санта-Колома» командасын орта жолда қалдырды .