25 сәу, 2021 сағат 20:52

Еуроодақ шілдеге дейін ересектердің 70 пайызына екпе салатынына сенімді


Еуропалық комиссияның президенті Урсула вон дер Ляйен Бельгияның Пуурс қаласында вакцина шығаратын зауытқа барып қайтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еуроодақ басшысымен сапарда Бельгияның премьер-министрі Александр Де Кроо бірге еріп жүрді. Жоғары өкілетті шенеуніктер «Pfizer» вакцинасын шығаратын кәсіпорын қызметкерлерімен әңгіме барысында оларға тәулік бойы вакцина өндіріп жатөандары үшін алғыс айтты. 

«Олар (қызметкерлер) - шілде айына қарай ересек тұрғындардың 70 пайызына екпе салуға қол жеткізубек мақсатымызда маңызды рөл атқарып отыр. Біздің вакциналау науқанымыз қарқынды жүргізіліп жатыр. Еуроодақтың шілдеде ересек тұрғындардың жоспарлап отырғанын санына екпе салу үшін вакцина дозалары жеткілікті болатынына сенімдімін», - деді Ляйен. 

Бельгияның Пуурс қаласындағы зауыт жылына Pfizer компаниясының 1 млрд дозасын шығарады. Осы айда Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі бұл зауыттың өндірістік қуаттылығын тағы 20 пайызға өсіруді мақұлдады. Бұл шешім кәсіпорынды Еуропада дәрі-дәрмектер шығару бойынша ең ірі орындардың бірі етпек. 

«Пуурс зауытында жақсы ұйымдастырылған өндірістің арқасында біз вакциналау бойынша міндеттерге ағымдағы жылдың шілдесіне қарай қол жеткізе аламыз. Егер қажет болса, балалар мен жасөспірімдердің де қауіпті вирустан вакциналауды да ұйымдастыра аламыз», деп мәлімдеді Еуроодақ басшысы.