Еурокомиссия Еуродақтағы вакциналацияға қатысты соңғы деректерді ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
19 сәуірдегі жағдай бойынша ЕО-ға 140,5 млн доза вакцина жеткізілді. 112 млн доза вакцина егілді.
ЕО-ны ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерридің айтуынша, 27 мүше елдің кем дегенде 12-сі биыл шілде айының ортасына дейін ересек азаматтардың 70 пайызын вакциналайтынына сенімді.
«Бұл көрсеткіш күннен күнге өсіп келеді», - деді ол.
ЕО қыркүйекке дейін халықтың кем дегенде 70 пайызын вакциналауды мақсат етіп отыр.
Қазіргі кезде Еуроодақта COVID-19-ға қарсы төрт түрлі вакцинаны егуге рұқсат етілген.