06 шіл, 2020 сағат 11:45

Этносаралық қатынастарды дамытуға байланысты жаңа комитет құрылды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет құрылды. Жаңа комитет ол этносаралық салаға жауапты мемлекеттік органдардың нақты вертикалын қалыптастырады және мемлекеттік саясатты белсенді түрде ілгерілетеді деп күтілуде. Бұл туралы «Ұлт» порталы хабарлайды.

Аталған қаулыға үкімет басшысы қол қойды. Соған сәйкес, «дінтану сараптамасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.

Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомствосы болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Конституциясына және заңдарына, Қазақстан президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс істейтін болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымы жанында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау, қамтамасыз ету мақсатында медиация кабинеттері жұмыс істейді. Қазақстанның барлық өңірінде, ауылдарда, елді мекендерде қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Кеңестің мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешу, әлеуметтік шиеленістің алдын алу.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің рөлін және оның қоғамдық келісімді нығайту үшін кеңес өкілеттілігін нығайту, оның ішінде Ассамблея кеңесін республикалық этномәдени бірлестік басшыларынан қалыптастыруды, Кеңеске қоғамдық наградалар тағайындау құқығын беруді көздеп отыр.

Айта кетейік, мемлекет саясатының міндеттерінің бірі бүгінде тұрып жатқан жүзден аса этнос өкілі Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық татулық пен бірлікті қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар Қазақстанда жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жетілдірудің ғылыми тәсілін қамтамасыз ету үшін министрлік жанынан қолданбалы этносаяси зерттеулер институты құрылды. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірігіп жұмыс істеу өзара іс-қимылды жетілдіру алгоритмін енгізді. Ол үшін орталық және өңірлік деңгейдегі "Қоғамдық келісім" мекемесі ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне және өңірлердің ішкі саясат басқармалары тұлғасындағы атқарушы органдардың қарамағына беріледі. Бұл құрылым этникалық топтармен өзара іс - қимылды тікелей ұйымдастыратын болады.

Институттың негізгі қызметі этносаралық қатынастар саласында жүргізіледі. Ал институт директоры болып Талғат Қалиев тағайындалы. Жаңа институт Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс органына айналады деп күтілуде. Сонымен қатар Ассамблея төрағасының орынбасары ақпараттық-талдамалы материалдарды дайындау кестесін жандандыруды тапсырды. Сол арқылы мониторинг өнімдерін және сұранысқа ие басқа да материалдарды әзірлейтін болады. Сондай-ақ, жаңадан құрылған институт елдегі этносаралық қатынастарды ғылыми тұрғыдан пайымдау бойынша қыруар жұмыс атқаруы қажет.