© Eesti Päevaleht/Rene Suurkaev
Эстония президенті Алар Карис Ресейді тізе бүктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз Ресейді тізе бүктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді ол Финляндияның Yle басылымына берген сұхбатында.
Каристің пікірінше, Украина бойынша келіссөздер Ресейдің әскери жеңілісінен кейін ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар ол қазір Киев НАТО-ның әскери контингентіне емес, батыстың қару-жарағына зәру деп мәлімдеді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.