Танымал саясаттанушы, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы директоры Ермұхамбет Ертісбаев «Бейбіт жиналыстар туралы» заңға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Андрей Чеботарев – ол танымал қазақстандық саясаттанушы. Оны қатты құрметтеймін әрі көптен бері білемін. Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болғанымда табанды түрде жұмысқа шақырған едім. Бірақ, ол келіспеді және тәуелді саясаттанушы болғысы келмейтіндігін ашық айтқан болатын. Көп кітап шығарды, монографиялар жазды. Ол «Бейбіт жиналыстар туралы» жаңа заң – бұл ең байыпты жетістік» деп айтқаны бар. Оның бұл бағалауымен толықтай келісемін. Өйткені, Мемлекет басшысы 2019 жылдың жазында Президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, өзінің бағдарламалық мақсаттарын жария еткен кезде бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылдау қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде бұл заңның жұмыс істеп тұрғанын көріп отырмын», - деді Ермұхамбет Ертісбаев.
Оның атап өтуінше, заңды толыққанды қолдануға пандемия кедергі келтірді.
«Демократиялық партия (Қазақстанда тіркелмеген партия) үш рет митинг өткізіп үлгерді. Пандемия кезеңінде осынау саяси белсенділіктің қатты төмендеп кетуі басқа мәселе. Егер ол болмағанда «Бейбіт жиналыстар туралы» бұл заң мұнан да көбірек қолданылар еді деп ойлаймын. Елімізде мұндай кең ауқымды сайлаушылар тобы наразылығының болуына, Президенттік сайлаулардың күрделілігіне қарамастан Мемлекет басшысы өзінің сайлауда жеңіске жеткізген саяси сөзіне адал болғандығын атап өткім келеді. Егер 2019 жылдың наурызынан бастап алар болсақ, онда «Бейбіт жиналыстар туралы» заң – бұл шынымен де ең байыпты жетістік», - деді саясаттанушы.
Ол аталған заңның Конституциямен де сәйкестендірілгендігіне назар аудартады.
«Ал ол негізгі заңымыз және онда Қазақстан азаматтарының бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізуге құқығы бар екендігі тайға таңба басқандай жазылған. Бұл ертеректе оппозиция «билік рұқсат бермейді, ол жұмыс істемейді» деп сынап келген Конституциядағы норма. Оның да негізгі бар. Өйткені, 8 жыл бойы Қазақстанда ешқандай митинг болған емес. Билік ҮЕҰ негізінде бірде-бір рет рұқсат бермеді. Ал енді «Бейбіт жиналыстар туралы» заң жұмыс істеп тұр», - деді Ермұханбет Ертісбаев.