29 там, 2019 сағат 15:23

Ертең бірқатар өңірде жел күшейеді, жаңбыр жауады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында найзағай жарқылдайды, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде қатты нөсер жаууы мүмкін.

30 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Сол күні түнде және таңертең Шымкент қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан қаласында ертең кей уақыттарда шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел тұрады.

30 тамызда Ақтөбе облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді.

30 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Сол күні таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз шаңды дауыл тұрады.