05 там, 2020 сағат 10:05

Ерлан Саиров Бейруттағы жарылысқа орай пікір білдірді

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров Бейруттағы жарылысқа орай пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір кездері Ливан дамыған экономикасы бар гүлденген мемлекет, әлемнің шиеленіскен өңіріндегі бейбітшілік алқабы болған еді. Тек Таяу Шығыстың ғана қаржы және банк орталығы емес-тін. Ішкі саяси айтыс-тартыс, тұрақсыз сыртқы орта өзінің сұрқай ісін жасады. Бүгінде Ливан діни және ұлттық белгілер бойынша секторларға бөлінген, орталықтандырылған мемлекет іс жүзінде жоқ десек те болады.

Палестиндіктер, Хезболла, әлемнің түрлі арнайы қызметтері, Израиль, АҚШ, Ресей, Франция, ішкі топтармен тығыз байланыстағы мемлекеттер шағын ғана елді кішкентай бөлшектерге бөлуде. Жоғарыда айтылғандай, орталықтандырылған мемлекет іс жүзінде ғана бар. Билік құрылымының өзі діни белгілер бойынша бөлшектелген. Ал Ливан есте жоқ ескі заманнан сауда мен гүлдену орталығы ретінде белгілі еді. П.Коэльо өзінің «Бесінші тау» деген кітабына дәл қазіргі Ливан аумағын сипаттаған болатын», - деп жазды саясаттанушы Facebook парақшасында.