11 ақп, 2022 сағат 15:50

Ерлан Бекхожин қызметінен кетті


Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Хабар" агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин еңбек шартының аяқталуына байланысты қызметінен кеткенін, ол "Хабар" агенттігі" АҚ-та 2019 жылдан бері жұмыс істегенін хабарлайды. Қазіргі уақытта басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Ол "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған", - делінген ведомство хабарламасында.