«Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев кинодағы алғашқы қадамын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің түсірілімі басталған.
Картина Герман Гессенің «Шығармашылық кеш» әңгімесінің негізінде түсіріледі. Фильмнің сюжеті ақынның әрқилы, бірақ әрқашан қызықты тағдыры туралы баяндайды.
Фильмде басты рөлді «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев сомдайды.
Ол шығармашылық адамы ретінде фильмдегі кейіпкердің образына жақын.