#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Емхана дәрігерлерінің айлығына үстемеақы қосылады – министрлік

  • 07.07.2020
  • 0
  • 164

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қай санаттағы дәрігерлердің айлығына үстемеақы қосылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КВИ бойынша симптомсыз пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы қарастырылмаған. Себебі олардың пациенттері ауруды аса таратпайды деп есептеледі. Сонымен бірге емдеу хаттамасына сәйкес оларды үйлеріне барып емдеудің еш қажеттігі жоқ. Яғни олар пациенттермен телефон арқылы ғана сөйлесе береді», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, емханаларда инфекциялық сырқаттар бойынша жұмыс істейтін дәрігерлерге келтірілген зиян үшін үстемеақы беру қарастырылған.

«Емханалардың көбі провизорлық стационарлар ретінде жасақталды. Дәрігерлер вирус ошақтарына барады, үйлерді аралайды. Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарап жатыр. Үстемеақы болады», - деді Ажар Ғиният.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар