17 қыр, 2019 сағат 12:28

Елордадан Бейжіңге ұшқан ұшақтан ақау шықты

Нұр-Сұлтан – Бейжің бағытында жолға шыққан Aibus A321neo ұшағының неліктен әуежайға қайтып оралғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Эйр Астанаға» сілтеме жасап.

«Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін белгі беру жүйесі іске қосылып, қозғалтқыштан ақау шыққаны туралы хабар түсірген. Қауіпсіздік нұсқаулығына сәйкес, экипаж әуежайға қайтып, ақауды жою керек деген шешім қабылдаған. Ұшақ штаттық режимде қонды», - делінген әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұшақта болған 128 жолаушы жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де басқа рейспен сапарларын жалғастырған.

«Әуе компаниясы жағдайды нақтылау үшін ұшақ өндірушісіне ресми сауал жолдады. Қауіпсіздік – біз үшін негізгі басымдық», – делінген компанияның мәліметінде.