Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бастаған акцияға Nur Otan партиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі карантин уақытында «Қолымдағы кітап» акциясын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі.
Акция барысында кітапқұмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.
Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұлақбаймен өткізілді. Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды қалай әдетке айналдыру, жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті. Эфир барысында көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.