Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған көрме ашылды. «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесіне үштұғырлықтың ортақ идеологиялық платформасымен біріктірілген мұрағаттық материалдар қойылды. Сонымен қатар фотосуреттер мен кітаптар қойылған. Арнайы кәдесый да ұсынылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Айта кетейік, бұл көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арнап Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті.
Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Жақсылық Түймебаев қатысты. Сондай-ақ, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко да барды.
Көрменің мақсаты ретінде Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін және ондағы ерекше рөлін көрсету деп атауға болады.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Ұлт көшбасшысы Қазақстанды дамытудың негізіне этностық шығу тегіне қарамастан тең құқықтық пен келісімге негізделген бүкіл халықтың бірлігін жатқызды. Осы жылдар бойы еліміз бұл қағиданы берік ұстанып келеді. Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының іс жүзінде жүзеге асырылуы 1995 жылы өзі құрған Қазақстан халқы Ассамблеясынан көрініс тапты», - деді ол.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Жақсылық Түймебаев көрменің ел тарихын білуге, түсінуге бастамашы болатынын айтып өтті.
Сонымен қатар Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Менің туған өлкем» I республикалық байқауын қорытындыланды. Шара карантинге байланысты онлайн форматта өтті. Шара барысында байқау жеңімпаздары марапатталды.
Байқау мемлекеттік Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтіп отыр. ол жастарды рухани жағынан патриоттық сезімге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқауға материалдар «Менің ауылымның тарихы», «Аға буын өкілдері» және «Менің арманымдағы ауыл – болашақ ауылы» тақырыбы бойынша республиканың барлық аймағынан жүзге жуық өтініш түскен. Соның ішінен оза шауып, жеңіске жеткендерге бағалы сыйлықтар пошта арқылы жіберілетін болды.
Сонымен қатар елордада "Мың бала" республикалық жобасының жеңімпаздары анықталды. Байқауды Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Шара онлайн форматта өтті.
Қатысушылар төрт номинация бойынша жарысты. Жүлделер ретінде жеңімпаздар грамоталар мен планшеттерге ие болды.
Жобаға қазақ тілін жетік меңгерген мыңнан астам ұлт өкілдері қатысты. Іс-шара 2015 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамбтлеясының қолдауымен өткізіліп келеді.
Ал оның алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы өзекті мәселелерді талқылайтын бірегей алаң және көптеген пайдалы идеялар мен ұсыныстардың бастамашысы бола отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Батыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарына "Менің туым-менің Отаным!" челленджін бастады.
Акция аясында тұрғын үйлердің балкондарына патриотизмнің, тәуелсіз, толерантты және гүлденген мемлекетімізді қастерлеудің символы ретінде еліміздің мемлекеттік туы ілінді.
Естеріңізге сала кетейік, Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған көрме ашылды. «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесіне үштұғырлықтың ортақ идеологиялық платформасымен біріктірілген мұрағаттық материалдар қойылды. Сонымен қатар фотосуреттер мен кітаптар қойылған. Арнайы кәдесый да ұсынылды.