16 қаң, 2019 сағат 10:22

Елімізге Ресейдің Приморье өлкесінен ет, сүт өнімін тасымалдауға тыйым салынды

Елімізге Ресей Федерациясының Приморье өлкесінен ет, сүт тасымалдауға уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросының ресми нотификациясы негізінде 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Приморье өлкесі аумағынан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді»,  - делінген хабарламада.