18 шіл, 2022 сағат 23:24

Еліміздің қай өңірінде ескі көліктер көп?


Маусым айындағы мәлімет бойынша, елімізде 4 млн 350,5 мың көлік бар. Оның 87,7 пайызы жеңіл теміртұлпар болса, ауыр жүк көліктерінің үлесі – 10,4 пайыз. Ал Қазақстандағы автобустар – 1,9 пайыз. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарайды ҚазАқпарат.

Бюро ақпаратына сәйкес, елімізде бензинмен жүретін көліктер - 87,8 пайыз. Дизельмен қозғалатын темір тұлпарлардың үлесі - 1,9 пайыз. Ал аралас отын арқылы жүретін автокөліктер 8 пайыз құрайды. 

Ел территориясында тіркелген көліктердің басым бөлігі - 20 жылдан астам қолданыстағы теміртұлпарлар. Яғни, бүгінде қазақстандықтардың 50,4 пайызы ескі көлік мінеді. Ескі автокөліктер көбіне Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда тіркелген. 

Ал жаңа көліктердің (шығарылған уақыты 3 жылдан аспайтын көліктер) үлесі - 7,4 пайыз. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, көпшілік су жаңа темір тұлпарлардың иелері - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының тұрғындары.