Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде ғана найзағай мен өткінші жаңбыр алып келеді.
Еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Екпінді жел тұрады.
Ал, батыс пен оңтүстік аймақтарда ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы 30...35, кей жерлерде 36...40°С-қа дейін көтеріледі.