Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызмет көрсету қайта жандандырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ-ге сілтеме жасап.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінің техникалық ақаулықтарын жойғаннан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Электрондық үкімет» порталында автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қайта басталды.
27 мамырдан бастап азаматтар оларды мамандандырылған ХҚКО-ларда штаттық режимде ала алады.
Сондай-ақ ІІМ тиісті қызметтері техникалық жабдықтың ақаулығына және халыққа аталған қызметтерді көрсетудің мүмкін еместігіне әкеп соққан себептерді анықтау бойынша тексеру жүргізетінін хабарлады.
Еске салсақ, 25 мамырда техникалық ақауларға байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету тоқтатылған болатын.