28 там, 2019 сағат 17:11

Еліміздегі бірқатар өңірде жел күшейеді

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

29-31 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 29-30 тамызда оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, 31 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

29 тамызда күндіз, 30 тамызда тәулік бойы Көкшетау қаласында найзағай жарқылдайды. Күндіз 30-31 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

29 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғып, жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.

Сол күні күндіз Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін.

29 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Сол күні күндіз Қызылорда қаласында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

29 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Орал қаласында солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

29 тамызда түнде Атырау облысының кей жерлерде найзағай, күндіз  шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 17-22 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Атырау қаласында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.