14 шіл, 2021 сағат 20:30

Елімізде жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні атап өтілмек


Үкімет Қаулысымен елімізде Малшылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы осы мәселеге арналған. Құжат бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілді. 

«Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», - делінген Премьер-Министр Асқар Маминнің қолы қойылған құжатта.