"Қазгидромет" 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы күндері республиканың солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклон жырасы әсер етеді, жаңбыр, найзағай, жел күшейеді деп күтіледі, ал елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Ауа температурасы республиканың қиыр батысында күндіз +33+38 градустан +23+31 градусқа дейін, республиканың солтүстік-батысында +31+38 градустан +25+35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, елдің солтүстігінде термометрлер +30+35 градус белгісіне жетеді, республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30+38 градусқа дейін, шығыста +27+38 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанады", - делінген хабарламада.